АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. "Қазақстан Даму банкі" АҚ (ҚДБ) құрылыс-монтаж жұмыстарымен байланысты шығындарды өтеу үшін 14 жылға 11 миллиард теңге көлемінде қарыз беріп, Астана халықаралық әуе жайын кеңейту жобасының қаржыландыруын ашты, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.
Жобаның жалпы құны 92,6 миллиард теңгені құрайды. "Банк ұсынған ұзақ мерзімді несиелік ресурстар Қазақстан елордасы әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді. Жобаның маңыздылығын Астана әуе алаңы арқылы артып келе жатқан жолаушылар ағынын, сонымен қатар "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесіне келетін келушілер ағынын ескере отырып, асыра бағалау мүмкін емес", — деп атап өтті ҚДБ клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның аға банкирі Балжан Есенбаева.
Жобаны жүзеге сыру сондай-ақ әуежайдың жолаушыларға қызмет көрсету бойынша қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру нәтижесінде Астана әуежайының өткізу мүмкіндігі жылына екі еседен аса артып 7 миллион 6 мың жолаушыларға жетеді. Ал жолаушылар терминалының жалпы ауданы үш есеге ерлік артып, 72 мың 21 шаршы метрге жетеді.
Жоба аяқталған соң 350 тұрақты жұмыс орны құрылады.