АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Атқарған жұмыстары екі ай бойы еңбек ақы алмаған бірнеше ондаған құрылысшы жолды жапты.
Елуге жуық адам "Алматы арена" спорт кешеніне қарам қарсы бетте Бауыржан Момышұлы бойындағы жолды бірнеше минутқа жапты.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінде атап көрсеткендей, Алатау ауданы Б.Момышұлы көшесі бойындағы "Алатау Сити" ТК құрылыс нысанында мердігер болып табылатын "Ақтілек Құрылыс Компаниясы-2016" ЖШС жұмысшылары ағымдағы жылдың наурыз және сәуір айларна жалақы алмағандары үшін жолды жапқан.
Алматы қалалық еңбек және көші-қон мемлекеттік инспекциясы хабарлағандай, нысанның бас мердігері "Exclusive Constraction" ЖШС субподрядты мекемеге 65 миллион теңге аударуы тиіс болған. Алайда, ақша төленбегендіктен "Ақтілек Құрылыс Компаниясы-2016" ЖШС жұмысшыларға берешек болып қалған.
Басқарма қызметкерлері оқиға орнына барып, аталған компания басшыларынан 22 мамырға дейін берешекті қайтару туралы кепілдік хат алды.