Қоғам

Дүйсенова Жаңаөзендегі бұрғылаушылар ереулі туралы пікірін білдірді

© Photo : Служба центральных коммуникаций при президенте РКТамара Дуйсенова
Тамара Дуйсенова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Бұрғылау компаниясы" Еңбек кодексінің нормаларын бұзбаған. Жұмысшылар келісімшартта көрсетілмеген нақты талаптарды қойып отыр.

АСТАНА, 5 қаз – Sputnik. "Бұрғылау" мұнай сервис компаниясының бұрғылаушыларының Жаңаөзендегі ереуілі бірнеше күнге созылды. Олар еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне (ЕСОТ) өтуді талап етуде.  ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі  Тамара Дүйсенова бұл оқиға туралы өз пікірін білдірді.

Мұнайшылар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жаңаөзендегі бұрғылаушылар ереуіліне алты күн болды

"Жаңа ғана облыс әкімі (Маңғыстау облысының – ескерт.) хабарласып, барлық мәселенің шешілгенін және ұжым мен жұмыс берушінің өзара тіл табысқанын мәлімдеді. Ұсыныстарын күтіп отырмыз. Еңбек кодексі бойынша, барлық қажеттіні жұмыс берушілерге де, жергілікті атқарушы органдарға да бердік ", — дейді Тамара Дүйсенова. 

Сонымен қатар, министрдің мәлімдеуінше, ешқандай еңбек заңы бұзылмаған, себебі бұрғылаушылар өздерін еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне өткізсін деп нақты талап қойып отыр. 

"ЕСОТ жүйесі "Қазмұнайгаз" кәсіпорындары үшін қабылданған, ал бұл ("Бұрғылау" – ескерт.) жеке меншік кәсіпорын. Мұндай жүйені енгізу үшін салалық келісім жасалып, еңбекақы төлеу жүйесі сонда жазылуы тиіс"- деп мәлімдеді ДСӘДМ басшысы. 

Оның айтуынша, Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес, жұмысшылар салалық кәсіподақтарда салалық келісімге шарттарды енгізуі тиіс, содан соң бұл мәселені әкімшілік жұмыс берушімен ақылдасып шешеді. 


Жаңалықтар
0