АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Алматыда бес жұлдызды Rixos қонақүйінің шатырынан ер адамның құлап кетуінің мән жайын анықтап жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
"Бұл дерек бойынша Алматы ауданы ішкі ісер басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалады. Оның ішінде сот-медициналық сараптама да бар. Болған оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", — деді Әзірбек.
Оның атап өтуінше, шатардан құлап кеткен адамның тірі немесе жан тапсырғаны туралы хабардар емес екен.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел топ жұмыс істеп жатыр.