АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Сенбі күні Павлодарда жас қыз автокөлік көпірінен суға құлап кетті, деп хабарлады Павлодар облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Марал Сағынаева Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Сенбі 13 мамыр күні 12:20-да Төтенше жағдайлар департаментіне жас қыздың көпірден секіріп кеткені туралы хабар түскен. Оқиға орнына бес құтқарушы қайықпен барып, іздеу жұмыстарына кірісіпті.
Полицейлер қыздың көпір басында қалдырып кеткен күртесінің қалтасынан табылған чек арқылы оның кім екенін анықтады. Ол қалалық коледждердің бірінің бірінші курс студенті болып шықты, жасы небәрі 17-де екен.
Болған оқиғаның себептері анықталуда. Қыздың мәйіті әлі табылған жоқ. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.