Өңірлер

Степногорда зейнеткер әжей үшінші қабаттан секіріп өлді

© Sputnik / Алексей МальгавкоКөпқабатты үй
Көпқабатты үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелді өз-өзіне қол жұмсауға не итермелегені белгісіз

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында зейнеткер балкон терезесінен секіріп, жан тәсілім етті, деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы дереккөз Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Көпқабатты үй - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада 20 жастағы қыз балконнан құлап, мерт болды

Оқиға 11 мамыр күні Степногорск қаласы тұрғын үйлерінің бірінде болған.

"Бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы балконнан 1931 жылы туған үй иесі секіріп кеткен. Әйел адам ұлымен бірге тұрып жатқан, ол слесарь болып істейді. Анасы өз-өзіне қол жұмсаған сәтте ер адам үйде болмаған. Әйел пәтерде жалғыз болған", — деп мәлімет берді сұхбат беруші.

Әжейдің денесі мәйітханаға жөнелтілді, сараптама тағайындалған. Аталған дерек ҚР ҚК "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сот алды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

Жаңалықтар
0