АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Астанада жас қыз 21 қабатты тұрғын үйдің кірме балконынан құлап кеткен, деп хабарлады елорда ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
"Бауыржан Момышұлы даңғылында қыздың денесі табылғандығы туралы хабар полицияға 3 мамыр күні 19:30-да келіп түскен. Оның кім екені анықталды — қыз 1997 жылы туған. Аталған дерек ҚР ҚК 105-бабы бойынша тіркелген", — деп хабарлады полиция.
Бұл дерек бойынша сараптамалар тағайындалған. Тергеу ісі жүргізіліп жатыр.