АСТАНА, 12 наурыз — Sputnik. 10 наурыз күні кешке әл-Фараби көшесіндегі үйде болған жайтты көзімен көргендер хабар берген.
Қостанай облысы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1965 жылы туылған әйел бесінші қабаттағы жабық пәтерден төсек жаймалардың көмегімен түсемін деп құлап кеткен, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
Екінші оқиға Станционная көшесі бойында болды. Полицияға хабар бергендей, 44 жастағы әйел мас күйінде төртінші қабаттан құлап кеткен. Қазір ол көптеген дене жарақатымен, жамбас сүйегі, қол-аяғы сынып, қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр.