АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. 8 наурыз күні анасын аяусыздықпен өлтірген ер адам өз-өзіне қол жұмсады.
Оқиға Халықаралық әйелдер күні кешкісін болған. Болжам бойынша, 33 жастағы ер адам туған анасын өлтіріп, кейін көпқабатты үйдің балконынан секіріп кеткен.
"Аталмыш оқиға бойынша деректер ҚР ҚК "Кісі өлтіру" бабына сәйкес сот алды тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Ер адам ауруханаға жетпестен көз жұмған.