АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Қостанай облысы ішкі істер департаменті кісі өлтірді деген күдікпен Руслан Гафаровты іздестіруде деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.
Күдікті – 1977 жылы туған ер адам, Қостанай тұрғыны.
"Ірі денелі, бойы 175-180 см, шашы қара, қысқа, қасқабас, сақал-мұрты болуы мүмкін", — деп хабарлайды полиция.
© Photo : Қостанай облысы ІІДРуслан Гафаров
Руслан Гафаров
© Photo : Қостанай облысы ІІД
Күдіктінің мекенжайы туралы Қостанай облысы ІІД-не келесі нөмірлер арқылы хабарлауға болады: (8-7142) 526111, 526112 немесе 102.
Өңірлік БАҚ хабарлауынша, ер адам Қостанай облысы психиатриялық ауруханасының бас дәрігерін өлтірген болуы мүмкін.