Қоғам

Елбасы Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАсанәлі Әшімов
Асанәлі Әшімов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асанәлі Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімов "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мемлекет басшысы актер, театр және кино режиссері Асанәлі Әшімовке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді", — деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі твиттердегі парақшасында.

Асанәлі Әшімұлы Әшімов 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма ауылында дүниеге келеген. "Қазақфильм"киностудиясының және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, режиссер, Қазақстанның халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980). 

Геннадий Зенченко мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы Еңбек ері Геннадий Зенченконың сауығып кетуін тіледі

Театрдағы тұңғыш рөлі М. Әуезов пен Л. Соболевтің "Абай" спектакліндегі — Айдар рөлі. Содан кейін Кебек, Шуақ (Әуезовтің "Еңлік — Кебегі" мен "Қарақыпшақ Қобыландысында"), Қозы, Қодар (Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуында") Сәнжан (Ә. Таразидің "Күлмейтін комедиясында"), Еламан (Ә. Нұрпейісовтың "Қан мен терінде", КСРО мемлекеттік сыйлығы, 1974), Дон Жуан (М. Фриштің "Дон Жуанның думанында") сияқты әр замандағы, әр түрлі қоғамдағы әр қилы мінезді бейнелерді сомдады. Бұлардың бәрі махаббат пен терең сезімнің жымдасуынан туған тосын образдар ретінде қазақ сахна өнерінің тарихында қалды.

Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан ("Қыз Жібек", 1971), Шадияров ("Атаманның ақыры", 1971), Мәмбет ("Сарқырама", 1973), Қасымханов ("Транссібір экспресі", 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті.

Әшімов режиссер ретінде де кең танылды. Әшімов өнеріне арналған "Асанәлі" деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді.

Әшімов — Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979-1982 жылдары педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан "Елім-ай" киностудиясының президенті. "Парасат" орденімен марапатталған. 


Жаңалықтар
0