АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Зенченко и компания" серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченконың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Астанада Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік жиын өтуде. Іс-шара барысында президент Геннадий Зенченкодан алған екі хатын оқыды. Біріншісі 1991 жылы жазылған.
Зенченконың жазған екінші хаты биылғы жылдың басында келген. Онда компания басшысы Назарбаевқа зор еңбегі үшін алғыс айтады.
"Геннадий Ивановичтің кейінгі кездері сырқаттанып жүргенін білемін, негізінде осы залда болуы керек еді. Бірақ бүгін сол шаруашылықты жүргізіп жатқан оның ұлы Геннадий Геннадьевич Зенченко келіп отыр. Геннадий Ивановичке тезірек сауығып кетіңіз деген тілегімді айта барыңыз", — деді Елбасы.