Саясат

Елбасы сырқаты жайында: командир мықты болуы керек

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуРФ президенті В. Путиннің Қазақстанға іссапармен келуі
РФ президенті В. Путиннің Қазақстанға іссапармен келуі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев жауапкершілік пен қызметінен шаршамайтындығын айтты.

АСТАНА, 11 қар — Sputnik.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сырқаттанған кезде қолдау көрсетіп, тілектерін білдірген қазақстандықтарға алғысын айтты.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақорда: Назарбаев емделіп жатыр

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі 11 қазан күні Назарбаевқа салқын тиіп, ем қабылдап жатқандығын хабарлаған еді. Сырқатының салдарынан Мемлекет басшысы Әзербайжан мен Арменияға жоспарланған іссапарларын кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

"Айтпақшы, бір ай бұрын, маған "салқын тиіп, ем қабылдап жатыр" деген хабарлама тараған кезде, қазақстандықтардың мыңдаған жүрекжарды тілектерін оқыдым – қатты разы болдым. Осы сәтті пайдаланып, ғаламторда тілек жазған жандардың бәріне алғысымды білдіргім келеді. Хабарлауға тура келді, себебі халықаралық шараларды кейінге қалдыруға мәжбүр болдым – Әзербайжан мен Арменияға іссапармен баруға тиіс едім", — деді Назарбаев Корея Республикасына іссапарының нәтижелері туралы брифингте.

Сонымен қатар, Елбасы жауапкершілік пен атқарып жүрген қызметінен шаршамайтындығын айтып, бірақ уақыт белдеулері ғана кері әсерін тигізетіндігін атап өтті. 

Эдуард Полетаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Саясаткер: Назарбаевқа суық тигендіктен, іссапарлар кейінге қалдырылуы мүмкін

"Батыстан гөрі, шығысқа сапар шегіп, қайта оралу жеңіл түсетінін байқадым. Әрине, шаршайсың, ұйқың қанбайды. Соңғы кездері әрі кетсе үш-төрт сағаттан ғана ұйықтап жүрмін", — деді Жапония мен Кореяда болып қайтқан Қазақстан президенті.

"Үнемі сергек жүру керек. Командирдің әр уақытта мықты болып, алдыңғы қатарда "ақбоз атқа" мініп жүруі керектігін ешқашан есімнен шығармаймын. Президенттік қызмет осы, бар уақытыңды, денсаулығыңды, жұмыста да, жұмыстан тыс кезде де қызметке арнауың керек, сонда ғана міндетіңді толық орындай аласың", — деп Елбасы сөзін қорытты.  

Жаңалықтар
0