АСТАНА, 11 қаз – Sputnik. Әзербайжан мен Арменияға жоспарланған іссапарлардың кейінгі қалдырылуы мүмкін екендігін хабарлау үшін Қазақстан Республикасының президентіне суық тигені жайлы ақпарат берілді деді саясаткер Эдуард Полетаев Sputnik агенттігіне.
Сейсенбі күні Ақорда баспасөз қызметі Назарбаевқа суық тиіп, емделіп жатқандығын хабарлаған болатын.
"Мәселе шешіледі деп есептеймін. Астанада ауа райы жылы емес, бүгін қар жауды. Оның үстіне, Елбасының жоспарланған іссапарлары бар. Сол себепті бұл күрделі мәселенің шешімін табу керек. Бірақ іссапарлар орындалады деп ойлаймын. Қорқатындай дәнеңе жоқ", — деді Полетаев.
Әдетте Ақорданың мұндай ақпарат бермейтінін саясаткер мойындап отыр.
"Бәлкім, осы хабар арқылы жоспарланған іссапарлардың кейінге шегерілетінін айтқысы келген шығар. Жалпы осы себептен халықты хабардар етуі мүмкін. Әйтпесе, түрлі қауесет тарап кетеді", — дейді ол.
Бұдан бұрын Назарбаев 13 қазан күні Серж Саргсянның шақыруымен Арменияға барады деп хабарланған болатын.
Өткен айдың аяғында Елбасы Қазақстан аймақтарын іссапармен аралаған еді. Іссапар барысында Қостанай облысында президент отандық электромобильді сынап көріп, Алматыда Дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы сыйға тартқан жеке домбырасында ойнады.