"Опералия" конкурсы Астанада 24-29 шілде аралығында болады. Қазақстанның намысын төрт қатысушы қорғайды, олардың арасында "Астана Опера" әншісі Мария Мудряк бар.
Альваро Доминго "Астана Опера" театрының мұндай жоғары деңгейлі байқауларды өткізуге мүмкіндік беретін басымдықтарын атап өтті. Театр сахнасы мен акустикасы заманауи талаптарға сай келеді.
"Астана Опера" — баға жетпес байлық, мұндай сахнада тұрып ән шырқау үлкен мәртебе. Театрдың болашағы зор екендігіне сенімдімін", — деп ойымен бөлісті Альваро Доминго.