АСТАНА, 2 ақп – Sputnik. Атақты миландық опера театры "Ла Скала" әртістері Астанаға "ЭКСПО-2017" кезінде келеді деп хабарлады Қазақстан вице-премьері Иманғали Тасмағанбетовтың хатшылығы.
Тасмағанбетов "ЭКСПО-2017" көрмесіне орай мәдени бағдарламаны әзірлеу бойынша жиналыс өткізді. Мәдени және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасы бекітілді. Билік өкілдері шетелдік жобаларға кететін қаражат мөлшерін қысқартуды да қарастырып отыр.
Демеушілер қаражаты есебінен "Ла Скала" театрын шақыру, "Цинь Шихуанди императорының Терракот әскері мәдени ескерткіштері" көрмесін ұйымдастыру, Ежелгі Египеттің архелогиялық бұйымдары көрмесін өткізу және тағы басқа шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр.