Оқиға

Шымкентте бейтаныс ер адамның туыстары іздестіріліп жатыр

© Photo : OtyrarШымкентте жол апатына түскен ер адам
Шымкентте жол апатына түскен ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер ер кісіні таныған адамдарды "Рощадағы" жедел медициналық ауруханаға жүгінулерін сұрайды

АСТАНА, 18 мамыр — Sputnik. Шымкент ауруханасында жол апатынан зардап шеккен ер адам жатыр. Ол өз тегін нақты айта алмай отыр, деп жазады өңірлік Otyrar басылымы. 

Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыға жақын жерде ірі жол апаты болды

Зардап шеккен адам 19 сәуір күні жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Екі апта бойы ер адам комада жатқан. Есін жиған соң ол өз есімін де, тұрғылықты мекен жайын да атай алмады. 

Емделуші ең алдымен Қазыбеков деген текті атады, алайда кейіннен басқасын айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, ол 39 жаста, Шымкентке әкесімен келген. 

Алайда науқастың тұрақты жағдайына қарамастан, дәрігерлер оның сөзіне күмән келтіріп отыр. Өйткені емделушіде жарақаттан кейін дамыған амнезия және психикалық ауытқу байқалған. Дәрігерлер  ер адамдарды таныған қала тұрғындарынан хабарласуларын сұрап отыр. Ол "Рощадағы" жедел медициналық ауруханасында жатыр. 


Жаңалықтар
0