Оқиға

Алматыға жақын жерде ірі жол апаты болды

© Sputnik / очевидцыАлматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында жол апатына себеп болып, оқиға орнынан қашып кеткен қара Highlander жүргізушісі іздестірілуде

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жол жүру ережесін сақтамаған жүргізушісінің кесірінен ірі көлік апаты болды, деп хабарлады оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Алматыда Volkswagen Golf автокөлігін айдап кетіп, қиратқан. - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда бөтеннің көлігінде жол апатын жасаған автомобильді айдап әкетушіні іздеп жатыр

Жол апатынан зардап шеккен қыз бен Mitsubishi Pajero жүргізушісінің сөзіне сүйенсек, Hyundai Accent, Mitsubishi Pajero және қара Toyota Highlander батыс бағытта келе жатады. Accent көлігі оң жақ қатарға ауысқысы келгенде, Highlander көлігі де артқы жарығын қоспай маневр жасай бастайды. Сөйтіп, бар жылдамдықпен Accent көлігіне соғылады. Жеңіл көлік айналып барып, Mitsubishi көлігін қағады да, ағашқа соғылып, жолдан шығып кетеді.

Жол апатынан екі адам зардап шекті: Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы. Жүргізуші көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды, ал жолаушы қыз қабырғасы ауырсынып тұрғанына қарамастан, ауруханаға жатудан бас тартты. Toyota Highlander көлігі оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.

© Photo : очевидцыАлматы-Көкпек-Көктал тас жолындағы жол апаты
Алматы-Көкпек-Көктал тас жолындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
1/2
Алматы-Көкпек-Көктал тас жолындағы жол апаты
© Sputnik / очевидцыАлматы-Көкпек-Көктал тас жолындағы жол апаты
Алматы-Көкпек-Көктал тас жолындағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
2/2
Алматы-Көкпек-Көктал тас жолындағы жол апаты
1/2
Алматы-Көкпек-Көктал тас жолындағы жол апаты
2/2
Алматы-Көкпек-Көктал тас жолындағы жол апаты
Жаңалықтар
0