АСТАНА, 17 мамыр — Sputnik. Бүгін 17 мамыр күні ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні.
64 жас мерейтой болмағанымен, Қазақстанда да, халықаралық деңгейде де лауазымды қызметтерді атқарған ірі тұлғаның жұмыс істеген әр жылы жаңа белес сияқты.
Тоқаев бүкіл әлемге Қазақстан Республикасының қазіргі сенат басшысы, бұрынғы сыртқы істер министрі және елдің бұрынғы премьер-министрі ретінде ғана емес, БҰҰ бас хатшысының орынбасары және Женевадағы БҰҰ бөлімінің бас директоры ретінде танымал.
БҰҰ Женева бөлімі бас директорының аппараты басшысы Давид Чикваидзе Қасым-Жомарт Тоқаев туралы: "Білікті дипломат, ойлау жүйесі өте ерекше жан. Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірге жұмыс істеген кездерді ерекше ықыласпен еске аламын. Ол Женева бөлімі басшыларының бірі емес бірегейі болатын", — деп атап өтті.
Тоқаевтың қолтаңбасы қойылған сурет Женевадағы БҰҰ бас директоры аппараты басшысының кабинетінде ілулі тұр. Ол бұрынғы әріптесі мен бастығын туған күнімен құттықтап, жүрек жарды тілегін жеткізуімізді өтінді.
2011 жыды мамырда БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Тоқаевты БҰҰ Женева бөлімінің бас директоры етіп тағайындаған болатын. Ол БҰҰ-да 2013 жылдың қазанына дейін қызмет етті.