Қоғам

Голландия ЭКСПО-2017 көрмесінде не ұсынады?

© Sputnik / Ксения Воронина"ЭКСПО"-2017
ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нидерланды өкілдері Астанадағы ЭКСПО көрмесінде халық назарына не ұсынатындарын айтып берді

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Нидерланды өкілдері күн энергиясы саласындағы шешімдердің басым көпшілігінде голланд технологиясының қолданылатынын, Солтүстік теңіздегі жел паркі 2020 жылға қарай 6 мың мегаватт энергия өндіретінін мақтанышпен жеткізді. Бұдан бөлек, елде интеллектуалды энергетикалық желілер қарқынды дамып келеді. Ал бұл жетістіктерге мемлекет "голланд ойлау жүйесінің" арқасында жеткендігін айта кеткеніміз жөн. Дәл осы тақырып Нидерланды Корольдігінің ұлттық павильонын салуға арқау болды.

Айнур Соспанова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қазақстан павильоны несімен таңғалдырады?

Дизайнын голланд және ресейлік дизайнерлер ойлап тапқан павильон концепциясын оның директоры Эвелин Бяйл таныстырды.

"Біздің павильонда үш тематикалық аумақ болады. Біріншісі "Ойлау жүйесін меңгер" деп аталады — бұл атақ-даңқ залы іспетті, ол жерде Голландияның бүкіл шығармашылық және инновациялық жетістіктерімен таныса аласыздар. Бұдан кейін "Ойлау жүйесін сезін" — екінші зал. Бес минутқа созылатын жарық, лазерлер, 3D, проекциялар мен голограммалар шоуында қонақтар голланд өнерінен заманауи әлемге сапар шегіп, әйгілі жел диірмендерінен бастап, заманауи жел қозғалтқыштарына дейін танып біледі. Төртінші залда "Ойлау жүйесімен бөліс" — балалар мен ересектерге арналған ақпараттық инновациялық ойын-сауық элементтері ұсынылады. Шыға берісте барлық келушілерді бар мен кәдесый дүкені күтіп тұрады", — деп әңгімеледі павильон директоры.

© Sputnik / Ксения ВоронинаНидерланды ұлттық павильонының презентациясы
Нидерланды ұлттық павильонының презентациясы - Sputnik Қазақстан
Нидерланды ұлттық павильонының презентациясы

"Павильон бағдарламасы 20 минутқа есептелген, жарық шоуын бір дегенде 70 адам тамашалай алады", — дейді Бяйл.

Айта кетелік, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі 10 маусымда басталады. Қазіргі уақытта, ұйымдастырушылардың дерегі бойынша, нысандардың дайындығы 98%-ға жетті. Қонақ үй мен Конгресс-холл бойынша жұмыстар аяқталайын деп қалды.

Жаңалықтар
0