Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі жаңғырмалы энергия көздері жөніндегі департамент директоры Айнұр Соспанова айтып берді
"Келушілерге қызықты болады деп үміттенеміз, макеттер де, ұсынылатын мультимедиа-контент те интерактивті болады. Бұл ғалымдар мен инженерлерге ғана емес, қарапайым келушілерге де қызықты. Бұдан бөлек, Қазақстанның интерактивті картасына өңірлер бойынша жүзеге асырылып жатқан инвестициялық, ақпараттық жобаларды орналастырамыз. Карта техникалық шешімдерімен де ерекше көзге түседі", — деді Айнүр Соспанова.
Қазақстандықтар үшін елімізде жасыл экономика саласында атқарылып жатқан жобалар өте қызық болары сөзсіз.
Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі 10 маусымда басталады. Қазіргі уақытта, ұйымдастырушылардың дерегі бойынша, нысандардың дайындығы 98%-ға жетті. Қонақ үй мен Конгресс-холл бойынша жұмыстар аяқталайын деп қалды.