Өңірлер

Елді мекендерді тасқын судан қалай қорғамақ?

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкіметте су тасқынымен күрес бойынша жұмыстар талқыланбақ

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев елді мекендерді су тасқынына қорғау үшін қандай жұмыстар қолға алынатынын айтты.

Владимир Божко - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Божко су ресурстары комитетінің басшысымен неге "соғысып" жүр?

"Елді мекендерді су тасқынан қалай қорғау керек? Жалпы оларды 2 топқа бөлуге болады. Бірінші, қыр-даладағы, екінші, таулы аймақтағы елді-мекендер.Кеңес уақытында таулы аймақта шағын су бөгеттері болатын. Қар кенеттен еріген кезде осы аймақты оқыс оқиғадан қорғайды. Бұл үлкен қаржыны талап етпейді", — деп баяндады Әбішев Мәжілісте "Халық коммунистері" фракциясы ұйымдастырған Қазақстанның су қорларын тұрақты басқару мәселелеріне арналған отырыста.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта су тасқынымен күрес бойынша жұмыстар пысықталып жатыр. Бірінші маусымда Үкіметте осы мәселелер талқыланады.

"Неге Қарағанды облысы мен Жібек жолы ауылын тасқын су басты? Себебі, өзеннің жанында көптеген объектілер орналасқан. Су қоймасының аумағында мұндай объектілер болмау керек. Сондықтан Үкімет су ресурстары комитеті мен жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырма берді. Яғни біз өзен жағасында қанша әрі қандай объектілердің барын анықтауымыз қажет. Оларды басқа жерге көшіру үшін қанша қаражат керек? Немесе оларды қауіптен қорғап,үлкен бөгет салу үшін қанша ақша керек? Бұл сұрақтарға жауап іздеудеміз. 1 маусымда осы сауалдарға Үкіметтің алдында жауап беретін боламыз", — деді ол.

Жаңалықтар
0