Қоғам

Божко су ресурстары комитетінің басшысымен неге "соғысып" жүр?

© Sputnik / Асем МиржекееваВладимир Божко
Владимир Божко - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте Қазақстанның су қорларын тұрақты басқару мәселелері талқыланды

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Мәжіліс төрағасының орынбасары, бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко су тасқынына байланысты мәселелерді атап көрсетті. Ол өзі министр болған кезде кіммен және не үшін "соғысқанын" еске алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстандағы биылғы су тасқыны бірнеше рекорд жасады

"Су тасқынымен күреске байланысты инженерлік және су нысандарына қатысты мәселе бар. Сондай-ақ өндірістік және ауыл шаруашылығы саласының мұқтаждығы үшін қажет су ресурстары қорына байланысты су нысандары баршылық. Су комитетіндегі төтенше жағдайларға қарсы күрес пен су қоры қызметі арасындағы мүдделер қақтығысы биылғы жылғы қиын жағдайға алып келгенін ашық мойындау керек. Қыс бойы, Ислам Алмаханұлы (Ислам Әбішев – ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы) сіздерге су көп болатыны туралы қанша айтылды, тыңдамадыңыздар ғой. Астанаға биыл Вячеславкадан cекундына 1200 текше метр су келе бастады, бұл туралы неге үндемейсіздер", — деді Божко Мәжілісте "Халық коммунистері" фракциясы ұйымдастырған Қазақстанның су қорларын тұрақты басқару мәселелеріне арналған отырыста.

Божко Сырдариядағы жағдайға да тоқталды. Оның айтуынша, Көксарай су қоймасы мақсатқа сай пайдаланылмай отыр.

"Сіздер су тасқыны басталмай тұрып, Көксарайды ақпанда толтыруға мәжбүр еттіңіздер. Ал қазір бүкіл Сырдария бойынша секундына 1200 текше метр су ағып жатқанда, Көксарай толып тұр. Ол апатқа жол бермеуге арналған емес пе?", — деді ол.

Депутат Төтенше жағдайлар министрі болған кезде Су ресурстары комитетімен осы мәселе бойынша "соғысқанын" айтты.

Экскаватор - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстандағы су тасқыны: суды айдап шығару уақыты

"Ислам Алмаханұлы, сіз төтенше жағдайлармен күресуге арналған нәрселерден балық аулауға арналған тоған жасағыңыз келеді. Мұны жасауға болмайды. Бұл менің пікірім, министр кезінде де осы үшін сізбен соғысып едім. Қазір Ішкі істер министрлігінің бұл мәселеде ұстанымы қатты болуы тиіс. Көксарай, Шардара толып тұр. Қызылорда батып жатыр. Мұндай ешқашан болған емес", — деп кейіді Божко.

"Екінші мәселе, аумақтарды инженерлік жабдықтаумен айналысу керек. Оның ішінде елді мекендерді қорғау жүйесін енгізу қажет. Өйткені төтенше жағдайдың зардабын жою оның алдын алудан қымбат шығады. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы үшін шағын бөгеттер салу бойынша типтік жобаларды дайындауды дереу қолға алу керек. Егер мол суға қарсы тұра алатын бөгеттерді типтік жоба бойынша салмасақ, ол ауқымды төтенше жағдайларға алып келуі мүмкін", — деп түйді сөзін Мәжіліс төрағасының орынбасары.

Жаңалықтар
0