Қоғам

Коммунистер шетелге кеткен зейнетақы ақшасына қатысты мәселені парламентте көтермек

© Photo : ortcom.kzВладислав Косарев
Владислав Косарев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БЖЗҚ-ның 71,6 миллиард теңгесі Әзербайжан халықаралық банкіне салынған

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Мәжіліс депутаттары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты мәселе бойынша үкімет пен ұлттық банкке депутаттық сауал әзірлеп жатыр, деп хабарлады Мәжілістегі "Халық коммунистері" депутаттық фракциясының жетекшісі Владислав Косарев. 

"Біз зейнетақыға қатысты мәселелермен айналысып жатырмыз. Ертеңгі күнге 2 депуттаттық сауалымыз бар. Ең алдымен, неге мемлекет зейнетақы қорындағы ақшаны жекенің қолына береді? Екіншіден, неге зейнетақы қорындағы қаражат қаржылық айналым үшін басқа мемлекетке берілді? Бізде оны игеретін орын жоқ па? Шетелдік инвестициялар бізде де игеріледі ғой.  Неге ақша Әзербайжанға берілді? Осы 2 сауалды қоятын боламыз. Толық ақпаратты ертең білетін боласыздар", — деді Косарев. 

Тимур Кулибаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Құлыбаев зейнетақы жүйесіндегі олқылықтар туралы: Ұлттық банк тарапынан қадағалау әлсіз

Айта кетейік, қазақстандық экономист Рақым Ошақбаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 71,6 миллиард теңгесі Халықаралық Әзербайжан банкіне инвестицияланғанын мәлімдеді. 

Белгілі болғандай, өткен жылдың қорытындысы бойынша Халықаралық Әзербайжан банкінің шығыны миллиард доллардан асып жығылған, банк төлемдер бойынша өз міндеттемесін орындай алмай отыр. 

Әзербайжанның адвокаттар алқасының мүшесі Акрам Гасанов заявил Sputnik Әзербайжанға мәлімдегендей, банкротқа ұшыраған банкке салынған қазақстандықтардың миллиардтаған зейнетақы жинағы қайтарылады. 


 

Жаңалықтар
0