Оқиға

Ақмола облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты

© Photo : РixabayБелгі
Белгі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңіл көлік жүргізушісі қарсы бетке өтіп кетіп, жүк көлігіне соғылған

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлады Ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыға жақын жерде ірі жол апаты болды

Жол апаты 15 мамыр күні Жақсы ауданында Алматы-Екатеринбург республикалық тас жолының 930-шы километрінде болған.

"Болжам бойынша, Audi-100 автокөлігінің жүргізушісі, Жақсы ауылының 40 жастағы тұрғыны, Қостанайға қарай кетіп бара жатып, қарсы беттік қозғалыс жолағына өтіп кеткен. Сол жерде Renault Magnum көлігіне соғылады. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты", — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.

Оқиға орнына келген жергілікті полиция қызметінің айтуынша, жол құрғақ әрі айқын болған. Жол апаты дерегі бойынша, ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сот алды тергеу ісі басталды.

Бұдан бұрын Audi жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылған. Жүк көлігіңнің жүргізушісі, Саран тұрғыны, зардап шеккен жоқ.

Жаңалықтар
0