АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Toyota жапон көлік концерні ұшатын көлік жасап шығарады, деп хабарлайды РИА Новости NHK жапон телекомпаниясына сілтеме жасап.
Таңғажайып көлік түрін шығару 2019 жылғы қаңтар айына жоспарланған, оның жасалуына 42 миллион иена (шамамен 370 мың доллар) бөлінеді. Ұшатын көліктің төрт жағында сегіз қанаты болады.
2019 жылы қаңтарда ұшатын көлікпен алғаш рет адамды ұшыру жоспарланған. Ал 2020 жылы Токиодағы Олимпиада кезінде ұшатын көлік олимпиада алауын жағады.