Қоғам

Ішкі істер министрлігі тілші Рамазан Есергеповке жасалған шабуылды тергейді

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тілші Рамазан Есергеповті Алматыдан Астанаға кетіп бара жатқан жолда пойызда пышақтап кеткен

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. ІІМ және көліктегі ІІД қызметкерлерінен құралған жедел тергеу тобы Рамазан Есергеповке жасалған шабуылды тергеумен айналысады, деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

"Есергеповке пышақ салынуы дерегі бойынша сот алды тергеу ҚР ҚК 24-ші және 99-шы баптарында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша жүргізіліп жатыр. Қылмысты әшкерелеу мақсатында ІІМ және көліктегі ІІД тәжірибелі қызметкерлері құрамынан жедел тергеу тобы құрылды", — деп хабарлады Сәдубаев.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетауда бұзақылар Ұлттық ұлан офицеріне пышақ салған

Есергепов таңғы сағат 4 кезінде пышақ жарақатын алғаны туралы жол серікке айтқан. Жол серік болған оқиғаны Шу станциясындағы медициналық пункт пен полицияға хабарлапты. Кейінірек жәбірленушіні қалалық ауруханаға жатқызып, операция жасады. Рамазан Есергепов үш рет пышақ жарақатын алған, бірақ суық қару ішкі органдарды зақымдамапты. Қазір өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетелік, Есергепов — тәуелсіз қазақстандық тілші, "Алма-Ата инфо" газетінің редакторы болған. 2009 жылы басылымында атышулы мақала жариялаған соң сотталған.

Жаңалықтар
0