Оқиға

Алматыда тауда қалып қойған туристер құтқарылды

Жазылу
Көкжайлау шатқалында туристер тобымен байланыс жоғалып, қиын жағдайда қалған

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Жауған жаңбыр Алматыға жақын маңдағы Көкжайлау шатқалына саяхатқа аттанған туристер тобының жоспарын бұзды, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша республикалық жедел құтқару тобының баспасөз қызметі.

Таудағы туристер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Досың қасыңнан табылған сәтте: Алматы маңындағы тауда жоғалған туристер құтқарылды

11 мамыр күні таңертең ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің Республикалық жедел-құтқару тобының кезекшілік-диспетчерлік бөліміне қоңырау келіп түскен. Алты адам Алматы қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан Іле Алатауы мемлекетті ұлттық табиғи паркі аумағындағы Көкжайлау шатқалында түнепті.

Таңертең топ құрамындағы екі қыздың ыстығы көтеріліп, өз беттерімен түсе алмайтын болған. Содан кейін байланыс та жоғалып, туристерден ешқандай хабар келмеді. Қиын жағдайға тап болған туристерді іздеуге жеті адам мен бір ит жіберілді.

Біраз уақыттан соң туристер табылып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Олардың ауырып қалуына түнде жауған жаңбыр салдарынан ауа температурасының күрт төмендеуі себеп болыпты.

Жаңалықтар
0