АСТАНА, 31 қаң — Sputnik. Үлкен Алматы көлігінің маңындағы тауда адасып кеткен бес туристі республикалық оперативті құтқару жасағының қызметкерлері құтқарды. 29 қаңтар күні он адамнан тұратын туристер тобы Үлкен Алматы көлі аумағындағы Скалистый шыңына тау жорығына шықты.
Белгісіз себептермен топтың бағыт бойынша созылып кеткені сонша, жорықтың екі қатысушысы басқалардан қатты қалы қойып, адасып кеткен.
Туристер қалғандарын өз беттерімен таба алмайтынын түсіп, республикалық оперативті құтқару жасағынан көмек сұраған.
"Зардап шеккендерден қоңырау РОҚЖ-ның кезекшілік-диспетчерлік бөлімшесіне сағат 17.18-де түскен. Туристерге көмекке сегіз адамнан тұратын топ кеткен. Оның ішінде бір кинологтық жасақ бар. Оқиға орнына барар жолда құтқарушылар тағы бір шақыру алған. Жүгінуші тобының қар көшкініне түсіп қалғанын айтқан. Үш адам белінен қарға кіріп кеткен. Бұл ретте оқиға алдында екі зардап шегуші болуы мүмкін маңайда болған", — деп хабарлады республикалық оперативті құтқару жасағының бас құтқарушысы Виктория Зарубаева.
Оқиғаны анықтау барысында, осы адамдардың барлығы туристік топтың адамдары болып шықты, сол сәтте олардың екеуі қалып қойып, адасып қалғанда, басқалары – одан да сорақы жағымсыз оқиғаға тап болған. Бұл ретте өтініш беруші және де топты ұйымдастырушы, РЖҚЖ жедел кезекшілігінен жоғалғандар солардың тобынан екенін естігенде, қатты таңданды.
Құтқарушылар оқиға орнына сағат 18:15-те келіп жетіп, сол жерде іздеу жұмыстарын қарқынды жүргізу үшін екіге бөлінді, 20 минут ішінде бірінші құтқару тобы зардап шегушілерді тапты. Тексеру барысында, барлық зардап шегушілердің үшеуі де, әр түрлі деңгейдегі жарақат алған꞉ бастағы сырылудан бастап бармақтарын ауыртып алу және де аяқтың сынуына дейін.
Сондай-ақ РЖҚЖ құтқарушылары сәл ертерек хабарласқан екі зардап шегушілердіде тапты. РЖҚЖ құтқарушылары барлық туристік топты бірге жинап, аяғы сынған зардап шегушіні тасымалдаушыға салып, тасымалдады. Жедел топ зардап шеккендермен жәбірленушілерді жедел медициналық көмек қызметкерлерінің бригадасына дейін шығарып салды, осымен таудағы іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды.