Өңірлер

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Болат ШайхиновАйдана Абыкан
Айдана Абыкан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамыр айында ауа райы Қазақстан халқын тағы бір таңғалдырады. "Қазгидромет" инженер-синоптигі демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамымен бөлісті
Погода в Казахстане 13-15 мая

"Қазақстан аумағынан бірінен соң бірі өтіп жатқан атмосфералық фронттардың салдарынан ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады, жел қатты ұйытқып, кей жерлерде бұршақ жауады деп күтіледі", — деді "Қазгидромет" инженер-синоптигі Айдана Абықан.

Меруерт Сәкімова - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Елордамызда мамыр айы жаңбырлы болады

Болжам бойынша, Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аудандарынан келетін ылғалды әрі суық ауа массаларына байланысты температура әдеттегіден 2-4 градусқа төмендеу болады. Сол себепті жақын күндері республиканың солтүстік-батысында, жексенбі және дүйсенбі күні түнгі уақытта солтүстік өңірінде қатқақ болуы ықтимал.

Астанада 13 мамырда ауа райы көшпелі бұлтты болады, кейде жаңбыр жауып, күн күркірейді, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14, күн күркірегенде ұйытқуы — 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +20+22°С.

14 мамыр және 15 мамырда елордамызда ауа райы көшпелі бұлтты, оқтын-оқтын жаңбыр жауады, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, температура түнде +3+7°С, күндіз +16+18°С.

Жаңалықтар
0