Өңірлер

Елордамызда мамыр айы жаңбырлы болады

© Sputnik / Болат ШайхиновМеруерт Сәкімова
Меруерт Сәкімова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халайық, қолшатырларыңызды қамдай беріңіздер, жуырда жауын-шашын басталып, ұзаққа дейін толастамайды.
Дождливый май обещают казахстанские синоптики

"18-20 мамыр аралығында арктикалық теңіздерден суық ауа массасының келуіне орай еліміздің солтүстік, орталық және оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын болуы ықтимал: қар аралас жаңбыр жауады", — дейді "Қазгидромет" инженер-синоптигі Меруерт Сәкімова.

Астана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жұмаға арналған ауа райы болжамы

Астанаға алғашқы жаңбыр толқыны осы сенбіде келіп жетеді.

"Бұл күні елордада ауа райы көшпелі бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 7-12 градус жылы, күндіз 22-27 гардус", — дейді синоптик.

Біраз толастаған жауын-шашын 18-20 мамырда қайта құяды. Тек 21 мамырда ғана саябырсиды.

"21-24 мамырда ауа температурасы 22 градусқа дейін жылиды. Бірақ 25-31 мамырда тағы жаңбыр жауады деп күтіледі, желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы — 6-11 градус жылы, күндіз — 20-25 градус жылы", — деп Меруерт Сәкімова елордадағы ауа райы болжамын айтып берді.

Жаңалықтар
0