Өңірлер

Алматыда автобуспен соқтығысқан көліктің рөлінде прокуратура қызметкері болған

© SputnikЖол апаты: Гелендваген-Автобус
Жол апаты: Гелендваген-Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда атвобуспен соқтығысқан Гелендвагенді аудандық прокуратура қызметкері айдаған

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik. Автобуспен соқтығысуы салдарынан 17 адам зардап шегіп, 8 адам ауруханаға жатқызылған Мерседес Гелендвагеннің жүргізушісі — прокуратура қызметкері, деп хабарлады Алматы қалалық прокуратурасы Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус жол апатына ұшырап, сегіз адам ауруханаға жатқызылды

Автокөлік иесінің нақты кім екені туралы баспасөз қызметі анықтап жатыр. Дегенмен, жол талғамайтын көліктің рөлінде болған жүргізуші қалалық прокуратраның емес, аудандық қадағалау органының қызметкері екені белгілі.

Айта кетелік, осыдан біраз бұрын Алматыда Райымбек даңғылында жол апаты болды: Гелендваген қоғамдық көлікке арналған жолаққа шығып кетіп, жолаушылар мінген автобуспен соқтығысқан. Көлік апаты салдарынан екі адам жансақтау бөліміне түсті.

Жаңалықтар
0