АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Жол талғамайтын көлік пен автобус ұшыраған жол апаты салдарынан 23 адам жарақат алды, олардың сегізі ауруханаға жатқызылған, деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы Ләйлә Иманғалиева.
"Жол апаты орнында 23 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың арасында жеті ересек адам мен бір сәби ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы әртүрлі. Екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Сәбидің хәлі ауыр, жансақтау бөлімінде", — деп атап өтті Иманғалиева.
Оның сөзіне сүйенсек, сәби екі жаста, қазір операция жасаудың қажеті жоқ, есін жиды. Сонымен бірге, зардап шеккендер арасында аяғы ауыр әйел бар. Қалғандарына қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін амбулаторлық емдеуге жіберілген.
Автобус жол талғамайтын көлікпен күндізгі сағат он екілерде соқтығысқан болатын. Жол апатын Алматы қаласы тергеу басқармасы тексеруде.