Қоғам

Бердібек Сапарбаев мемлекеттік кәсіпорынның қызмет ақысын 15 есеге өсіргеніне таңғалды

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша, дәрі
Ақша, дәрі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжілісте халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика саласының жай-күйіне арналған парламенттік тыңдау өтіп жатыр

АСТАНА, 12 мамыр — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Дәрілік заттарға сараптама жүргізетін ұлттық орталық қызмет ақысын өткен жылмен салыстырғанда 15 есеге дейін өсірген. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, бұл өз кезегінде дәрі-дәрмек бағасына әсер етеді.

Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Депутат рецептілік дәрі-дәрмектердің жөн-жосықсыз берілуін сынға алды

"Дәрі-дәрмек сапасына сараптама жүргізу мәселесі маңызды. Мысал келтірейін, "Дәрі-дәрмекке сараптама жүргізу ұлттық орталығы" деген республикалық мемлекеттік кәсіпорын бар. Осы жерде былтыр антигриппинге сараптама жүргізу 6 мың теңге болса, қазір 70 мың теңге, яғни қызмет құны 11 есеге артқан. Аспирин үшін өткен жылы 4 мың теңге төлесек, қазір 60 мың теңге төлеу керек, яғни 15 есе өскен. Себебі неде? Бірнеше рет жаздық, бірақ түсінікті жауап алған жоқпыз. Сонда технология өзгерген бе немесе дәрі сапасы өзгерді ме? Әрине, мұның бәрі дәрінің бағасына әсер етеді", — деді Сапарбаев Мәжілісте өтіп жатқан парламенттік тыңдау барысында.

Әкім Ақтөбе облысы мен көрші Ресейдің Орынборындағы дәрі бағасының айырмашылығына да тоқталды.

"Орынбор облысында диабетке арналған дәрі 8500 теңге, ал бізде 17 мың теңге тұрады, яғни бағасы екі есе көп. Урсосан оларда 7 мың теңге, бізде 14 мың теңге. Тіпті өңірдегі 500 метр жерде орналасқан дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасының айырмашылығы 30-дан 50 пайызға жетеді", — деді ол.

Оның айтуынша, дәрі бағасына делдалдар мен дистрибьюторлардың жұмысы ықпал етіп отыр. Өндірушіден сатып алушыға жеткенше дәрі-дәрмек бағасы бірнеше есе өседі. Ал қолданыстағы заңдарға байланысты жергілікті биліктің қолында ешқандай тетік жоқ. Сондықтан, Сапарбаевтың айтуынша, денсаулық сақтау министрлігінің бұл салада мемлекеттік реттеу енгізу жөніндегі ұсынысын қолдау керек.

дәрі, ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қымбат дәрі тықпалаған дәрігерлер жауапқа тартылатын болады

"Ең басты мәселе дәріхана жетекшілерінің жауапкершілігін көтеру болып отыр. Мұның бизнес екенін түсінеміз. Бірақ олардың мемлекет, халық алдында жауапкершілігі болуы керек қой. Бизнес ашық, адал, заңды болуға тиіс", — деді Сапарбаев.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов министрлік өндірушілердің бағасын тіркеу жүйесі енгізетінін атап өтті. Бірақ, барлық дәрілік заттарға шекті баға белгілеу үшін қолданыстағы заңнамаға Денсаулық сақтау министрлігінің бағаны реттеу құзыретін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу талап ететіндігін, ол үшін министрлікке депутаттардың қолдауы керектігін айтты.

"Жұмыс істеп жатқан зертханалардың сапасы артып, өндірушіден пациентке дейін дәрілердің қозғалысын бақылайтын автоматтандырылған жүйе енгізіледі. Дәрілердің айналымын және нарыққа контрафакттық өнім түспеуін бақылау үшін еуропалық елдерде өндірілетін өнімнің әрбір орауына 2Д коды жүйесін міндетті қондыру бойынша қарар қабылданды. Бұл жүйенің ҚР енгізілуі барлық дәрілік тауар айналымын есепке алуға және бақылауға мүмкіндік береді", — деді Біртанов.

Сондай-ақ, ол министрлік клиникалық және клиникаға дейінгі зерттеулерді жүргізудің жаңа тәртібін әзірлеу жұмысын бастап кеткенін атап өтті. Сонымен қатар, дәрілік заттардың этикалық жылжыту тәртібін әзірлеу және тұрақты түрде мамандар мен тұрғындарды дәрілік заттарды қолдану сауаттылығының деңгейін көтеріп отыру қажеттігін баса айтты.

"Отандық дәрілерді дамыту жолымен еліміздің ұлттық қауіпсіздігін сақтау мәселелері маңызды.Үнемдеу арқылы бюджет ауыртпалығын (20%-дан кем емес) төмендету және логистика мен жоспарлау үдерісін жетілдіру, медициналық мекемелер мен тұрғындар үшін дәрілік заттарға экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі мен көлемін (10%-дан кем емес) кеңейту және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін әрі қарай жетілдіру қажет", — деді министр.

Жаңалықтар
0