Спорт

ЕАЭО елдерінің спортшылары легионер болып саналмайды

Жазылу
Еуразиялық Одақ елдерінен келген спортшылар жұмысшы-мигранттар атанады

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдерге ЕАЭО туралы Келісімнің Одақ елдерінен келген спортшы-легионерлерге қатысты бекітілген шектеулерді алып тастау жөніндегі бөлігін жүзеге асыру қажеттігін ескертеді.

доп - Sputnik Қазақстан
Спорт
Спорт вице-министрі легионерлерге жұмсалатын шығын сомасын айта алмады

"ЕАЭО туралы Келісімге отырған мемлекеттер ұлттық еңбек нарығын қорғау мақсатында ЕАЭО елдері азаматтарының қызметіне қатысты заңнама жүзінде бекітілген шектеулерді енгізбеуге және қолданбауға міндеттеледі", — деп атап өтті ЕЭК ішкі нарық, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Карине Минасян. — ЕЭК коллегиясы біздің елдердің спортшылары үшін кедергілерді алып тастау туралы шешім қабылдады. "Еуразиялық интеграция Одақ азаматтарына не береді?" деген сұраққа "еңбек нарығында кедергілерді жояды" деп жауап берсек болады".

Жаңалықтар
0