АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Қазақстандық спорт шенеуніктері мемлекеттік бюджеттен легионерлердің ақысын төлеуге жұмсалатын шығындардың нақты сомасын атай алмады.
Сенат баспасөз қызметінің хабарлауынша, дене шынықтыру және спорт мәселелрі бойынша түзетулерді талқылау барысында легионерлердің еңбекақасын төлеуге қатысты пікір таластар туындаған. Атап айтыр болсақ, сенаторлар Жабал Ерғалиев пен Әли Бектаев шетелдік легионерлерді тартуға кететін елеулі қаржының шығысына алаңдаушылық білдірген.
"Аймақтардағы спортты қаржыландыруға бөлінетін қаржының 40-50 пайызы кәсіби футбол топтарына беріледі. Дегенмен, дене шынықтыру және спорт саласындағы футбол мен спорттың кейбір басқа түрлерінің нәтижесі төмен деңгейде қалып отыр", — делінген хабарламада.
Біздің еліміздегі легионерлерге бөлінетін қаржының жалпы сомасы туралы депутат Владимир Редкокашиннің қойған сауалына дене шынықтыру және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбеков нақты жауап айта алмады, деп атап көрсетілген баспасөз баянда.
Министрдің орынбасары кәсіби футбол клубтары бюджетінің жабықтығын айта отырып, клубтардың мемлекет қаржысы есебінен қаржыландырылатынын жеткізді.
Министрлік өкілі спорттың жекелеген түрлері түрлері бойынша легионерлерді тарту өзін өзі ақтағанын айтты. "Пікірсайысты қорытындылай келіп, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова қабылданған ережелер осы саланың айқындығын қаматамасыз ететініне, олимпиялық және параолимпиялық қозғалыстарды, ұлттық спорт түрлерін дамытуға қызмет ететінін үміт артатынын жеткізді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді", — делінген хабарламада.