АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Жалған терроризм үшін сотталған Юрий Пактің жұбайы Ольганың хабарлауынша, күйеуі колонияда бүйректің қабынуы дертіне шалдығыпты.
Қарағанды мектептері бірінің бұрынғы мұғалімі Юрий Пактің ауырып қалғаны туралы оның әйелі әлеуметтік желіде жазған. Оның айтуынша, Юрий Пак жаза мерзімін өтеп жатқан колониядан хабарласып отырады екен.
"Кеше Юра хабарласты. Менімен, Данилмен, тіпті Аннамен де сөйлесті. Бұл нағыз Жеңіс күні болды. Соңғы кездері Юра қатты ауырып жүрген болатын — бүйрегі қабынған. Еркін жүріп-тұра алмайтын хәлге дейін жеткен. Колонияның дәрігерлері не істерін білмей отыр — антибиотиктер ішсе де, қабыну басылмай тұр", — деп жазады Ольга Пак.
Ол жақсыдан үміт күтіп жүргенін де жасырмай, ағынан жарылды.
"Әлбетте, зарыға күтіп жүргенінің салдарынан ауруы асқынып отыр ғой, әйтпесе бұған дейін бүйрегі ауырып көрген емес…", — дейді Ольга.
Сонымен бірге, Юрий Пактің әйелі өз жазбасында хабарлағандай, сәуір айының соңында колония әкімшілігі өтелмеген жаза мерзімін айыппұл төлеу арқылы өтеу жөніндегі құжаттарды Абай аудандық сотына тапсырыпты.