Саясат

Назарбаев Францияның жаңа президентіне: бірге жұмыс бастауға дайынбыз

© Sputnik / Кристина Афанасьева / Медиабанкке өтуЭммануэль Макрон с супругой Бриджит Макрон
Эммануэль Макрон с супругой Бриджит Макрон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Эммануэль Макронға Франция президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА, 8 мамыр — Sputnik. Қазақстан Президенті Эммануэль Макронды Франция Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Франция халқы Сізге дауыс беру арқылы өзіңіз жариялаған, елдің қарқынды дамуына бағытталған өзгерістерді қолдайтынын көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен Франция өркендеу жолында жаңа тамаша табыстарға қол жеткізетініне кәміл сенемін", – делінген жеделхатта. 

Эммануэль Макрон зайыбы Бриджит Макронмен бірге - Sputnik Қазақстан
Әлем
Эммануэль Макрон Францияның ең жас президенті болды

Мемлекет басшысы биыл Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.

"Өзара іс-қимылымыз өрістеп, стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін мақтан тұтамыз. Сізбен және Франция үкіметімен ортақ мүдделі мәселелер жөнінде жаңашылдық пен талпыныс рухында бірге жұмыс бастауға дайынбыз. Жан-жақты ықпалдастығымыз халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі нығая береді деп үміттенемін", – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Франция көшбасшысының бастамаларына сәттілік, ал француз халқына бақ-береке тіледі.


Жаңалықтар
0