Видео

Астанада ел тарихындағы ең ауқымды әскери парад өтті

Жазылу
Елорда Тәуелсіздік алаңында Қарулы Күштердің 25 жылдығы мен Ұлы Жеңіске арналған әскери парад өтті. Бұл жолғы шеру барлық өлшем бойынша бұрынғы әскери парадтардан асып түсті.

Тәуелсіздік алаңында шамамен 26 жаяу әскер парадтық топ құрамында 5000-нан аса әскери қызметші салтанатты маршпен жүріп өтті. Жұртшылық 300-ге жуық әскери техника мен қару-жарақтың заманауи үлгілерін тамашалады. Ал қазақстандық авиацияның қуаты мен жауынгерлік әзірлігін көк аспанда Әуе қорғанысы күштерінің 70-ке жуық авиациялық техникасы паш етті. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы: қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған

Дәстүрлі түрде жаяу әскер легін "Жас ұлан" тәрбиеленушілерінен құралған барабаншылардың құрама ротасы ашты. Шеруді Қорғаныс министрлігі, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері, Десанттық-шабуылдау әскерлері, теңіз жаяу әскері, бітімгершілік күштердің, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің офицерлері, әскери қызметші әйелдердің, әскери полицияның, аумақтық қорғаныс бригадасы жалғастырды. 

Парадтың авиациялық бөлігі кеңінен көрсетілді. Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары Әуе қорғанысы күштерінің ең заманауи ұшу аппараттарын басқарған қазақстандық ұшқыштардың шеберлігін лайықты түрде бағалады. Астананың көк аспанындаұшқыштар "25" деген мерекелік датаны және "Бәйтерек" деп аталатын жоғары пилотаж фигурасын паш етті.


Жаңалықтар
0