Қоғам

Елбасы: қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалған

© Photo : официальный сайт президента Республики КазахстанНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада Қарулы күштердің 25 жылдығына арналған әскери шеру өтіп жатыр

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. ҚР Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған әскери шеруде Қазақстан армиясының бүгінгі күш-қуатына тоқталған Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі күні қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Танктер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақорда Қазақстан әскері туралы бейнежазба жариялады

"Ел тәуелсіздігімен бірге биыл Қарулы күштеріміздің 25 жылдық мерекесін атап өтіп отырмыз. Мен ширек ғасыр бұрын дәл бүгінгі күні Тәуелсіз еліміздің төл армиясын құру туралы Жарлыққа қол қойғанмын. Содан бері аз ғана уақыт өтсе де, Қарулы күштеріміз бес қаруы сай заманауи үлгідегі айбынды армияға айналды. Сайыпқыран сарбаздарымыз бүгінде ұлы даланың сенімді қыраны, азаматтығымыздың алмас алдаспаны. Біз қазіргі заман талаптарына сай келетін әлеуетті әскерімізді жасақтадық. Ел қауіпсіздігінің басты бағыттары айқындалды. Әскери доктринамыз қабылданды", — деді Мемлекет басшысы. 

Елбасы атап өткендей, экономикамыз қарқынды дамыған сайын еліміздің қарулы күштері де жетіліп, нығая түсті. Әскери қауіпсіздігіміз "Қазақстан-2050" деген бағдарламаның басты бағдарларының бірі болып саналады. Біздің әскеріміз ТМД мемлекеттерінің ішіндегі алдыңғы қатарлы әскер ретінде танылып отыр. 

Әскерилер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда әскери қызметшілердің жалақысы 25%-ға өсіріледі

"Ал жауынгерлеріміз әлемнің әр түкпірінде бітімгершілік миссиясын абыроймен ақтап шықты. Жерінің тұтастығын ойлайтын ел-жұртымыз әр уақытта бейбіт өмірді баянды бақытқа балаған. Біздің тарихымыз өшпес ерліктің жылнамасы, жеңімпаздықтың шежіресі екенін білеміз. Баһадүр бабалардың ізбасарлары қазіргі тәуелсіз Қазақстан әскерінің сапында тұр. "Жауынгерлік тәрбие әскери киіммен емес, жөргектен басталады" деп батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқан болатын. Жерінің қауіпсіздігін, елінің тыныштығын қорғау әр азаматтың қасиетті парызы, абыройлы міндеті болып саналады. Сіздер еліміздің шекарасы берік, шебі бүтін болуы үшін қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Бүгінде қасиетті жеріміз көкте де, жерде де, суда да сенімді қорғалатынын көре алатын боламыз. Бүгінгі шеру осының айқын көрінісі болып табылады", — деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Астанада Қарулы күштердің 25 жылдығына арналған әскери шеру өтіп жатыр. Бұл Қазақстан тарихындағы ең ауқымды парад болмақ.  Алаңда шамамен 26 жаяу әскер парадтық топ құрамында 5 мыңнан астам әскери қызметшi салтанатты маршпен жүрiп өтедi. Шеруге  300-ге жуық әскери техника мен қару-жарақтың заманауи үлгiлерi тартылған. Қазақстандық авиацияның қуаты мен жауынгерлік әзірлігін көк аспанда еліміздің Әуе қорғанысы күштерінің 70-ке жуық авиациялық техникасы паш етедi.


Жаңалықтар
0