Өңірлер

Жексенбі күні ауа райы құбылмалы болмақ

© Sputnik / Еркен СалиховҚолшатыр
Қолшатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал, еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Айдана Абыкан - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Демалыс күндері күн күркірейді

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында желдің екпіні — 15-20, ұйытқуы — 23-28 м/с, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында күндіз күн күркірейді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с, күн күркірейді.

Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, бұршақ жаууы ықтимал, желдің екпіні — 17-22 м/с. Павлодар облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде қатқақ болады деп күтіледі, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20, ұйытқуы — 23-28 м/с. Осыған байланысты дабылды ескерту жарияланған.

Астанада күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 15-20 м/с. Түнде қатқақ болады.

Бұдан бөлек, жақын күндері 7 мамырда қатты жаңбыр жаууы салдарынан Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарындағы өзендерде су тасуы мүмкін.

Жаңалықтар
0