Өңірлер

Демалыс күндері күн күркірейді

© Sputnik / Болат ШайхиновАйдана Абыкан
Айдана Абыкан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демалыс күндері Қазақстан аумағына белсенді оңтүстік циклон келіп, ауа райы жаңбырлы болады. Синоптиктердің айтуынша, 10 мамырға дейін күн бұлтты болмақ
Циклон ударит с тыла: синоптики обещают грозы в выходные

"Алдағы екі күнде белсенді оңтүстік циклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел қатты соғады. Оңтүстікте 6 мамырда, оңтүстік-шығыста 7 мамырда негізінен таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады", — деп мәлімет берді "Қазгидромет" инженер-синоптигі Айдана Әбіқан.

Содан кейін Ресейдің еуропалық бөлігінен ел аумағына антициклон келеді. 8 мамыр күні оңтүстікте жаңбыр уақытша тоқтайды. Елдің орталығы мен шығысында 8-9 мамырда, солтүстік пен оңтүстік-шығыста 9 мамырда жауын-шашын тоқтайды.

Бірақ 10 мамырда ел аумағында қайта жаңбыр жауып, күн күркірейді.

Жаңалықтар
0