АСТАНА, 6 мамыр — Sputnik. Инкассаторлық көліктің жүргізушісі жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болған әйел адамды қағып кетті, деп хабарлады куәгерлер Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жаяу жүргіншіні Алматы-Бішкек тас жолында қағып кеткен. Болған оқиғаны көзімен көргендердің сөзіне сүйенсек, әйел адам жолды тиісті емес жерден кесіп өтпек болыпты. Инкассаторлық көліктің жүргізушісі рөлді бұрып үлгермей, бар жылдамдықпен келіп әйелді қаққан.
Әйел адам алған жарақатынан жедел жәрдем келіп жеткенше көз жұмды.