Қоғам

Мамыр айында Еуропаға жаңа әуе бағыттары іске қосылады

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"Рейстер
Рейстер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеңіс Қасымбек ЭКСПО көрмесі кезінде қосымша қандай рейстер ашылатынын айтып берді

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Мамыр айында жаңа төрт әуе бағыты іске қосылады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО көрмесіне Қазақстан павильоны әлі толық дайын емес

"Биылғы жылы пилоттық тәртіпте Астана үшін "ашық аспан" енгізген едік. Яғни әлемнің кез келген нүктесінен аптасына жеті рет кез келген әуе компаниясы Астанаға ұша алады. Мұны біз ЭКСПО үшін енгіздік. Егер бұл бастамамыз сәтті болса, оны әрі қарай жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз", — деді Қасымбек.

Министр осы айда жаңа төрт әуе бағыты іске қосылатынын жеткізді.

"Қазір осы айдың ішінде төрт жаңа бағыт — Варшава, Хельсинки, Будапешт және Пекин бағыты іске қосылады. Бұрын "Эйр Астана" ұшақтары ғана Пекинге ұшатын. Енді қытайлық әуе компаниясы Астанаға бағыт ашады. Бұдан бөлек, қазіргі рейстердің жиілігін аттырмақпыз. Жалпы, ЭСКПО кезінде біз қосымша 300 мың шетелдік қонақты қабылдай аламыз. Бұған қосымша өңірлерден 160 мың адамды жеткізуге мүмкіндік бар", — деді министр.

Жаңалықтар
0