Қоғам

Бозымбаев Астанада газдың тарифі қандай болатынын айтты

© Photo : Steve Buissinne Газ
Газ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Энергетика министрі елорданы газдандыру бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтып берді

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астанада газдың тарифін өсірмеу үшін қандай жұмыс атқарылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО көрмесіне Қазақстан павильоны әлі толық дайын емес

"Астананы газдандыру мәселесіне тоқталсақ, әрине, техникалық-экономикалық негіздеме "ҚазТрансГаз" компаниясымен жасалынды. Содан кейін сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысы шықты. Жалпы айтқанда, ұзындығы 1,8 мың км газ құбыры Қызылорда облысынан Жезқазған – Қарағанды-Теміртау-Астанаға дейін болады. Содан кейін Көкшетау-Петропавлды қамтитын жоба бар", — деді Бозымбаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, Астанада газ бағасы өсуі ықтимал. Сондықтан бұл жоба қазір жан-жақты талқыланып жатыр.

"Қазіргі таңда біз бұл жобаны қызу талқыға салып жатырмыз. Өйткені, газдың бағасына қатысты соңғы тариф Астанада өте жоғары болуы мүмкін. Мысалы, көмір және сұйылтылған газдың бағасымен салыстырғанда, тарифтегі баға жоғары болайын деп тұр. Бұл мәселені қалай шешеміз? Осы мақсатта "ҚазТрансГаз" компаниясы және әкімдікпен ақылдасып жатырмыз. Осы айдың қорытындысын баяндаған кезде бұл мәселенің шешімін сіздерге айтып беремін", — деді министр.

Жаңалықтар
0