АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Мұсылман аттары Лондондағы ең танымал есімдер қатарына енді, деп хабарлайды Muftyat.kz сайты.
Британдық Daily Mail басылымы Ұлыбританиядағы жаңа туған балаларға қойылатын есімдердің тізімін жариялады.
Сәбилерге қойылатын ең көп есімдер қатарынан бірнеше жыл дәстүрлі мұсылманша Мұхаммед есімі болған.
Жалпы ел көлемінде аталмыш есім екінші орында тұрса, Лондон қаласы бойынша бірінші орында тұрған.
Басылым атап өткендей, мұсылмандардың Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігінен туған бұл үрдістен Ұлыбританияға Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан келген мұсылман мигранттар санының артқанын байқауға болады.
Ұлыбританияда қыздарға арналған ең танымал ат Амелия екен.