Спорт

Зілтемірші Светлана Подобедова сегіз жылға спорттан шеттетілді

© Sputnik / Медиабанкке өтуСветлана Подобедова
Светлана Подобедова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Светлана Подобедовадан бөлек, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло қысқа мерзімге жарыстардан шеттетілді

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы допинг-сынамасында тыйым салынған препараттар табылған үш қазақстандық зілтеміршіге қатысты санкциялар қолдану туралы ресми шешім шығарды, деп хабарлайды Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Зертхана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандық биатлоншылардың допинг-сынамасы теріс нәтиже берді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының дисциплинарлық комиссиясы шығарған шешімге сәйкес, Майя Манеза мен Зульфия Чиншанло екі жылға, ал Светлана Подобедова сегіз жылға шеттетілді. Бұл шешім Лондондағы Олимпиада допинг-сынамаларын қайта сараптамадан өткізу нәтижесінде тәртіп бұзушылықтар анықталған сәттен бастап, яғни 2016 жылғы 26 мамырдан күшіне енеді.

"Қазақстан Республикасының Ауыр атлетика федерациясының көмегімен спортшылар олимпиададан тыс алған марапаттаулары мен атақтарын сақтап қалды", — деп хабарлады ведомство.

Федерация атап өткендей,  зертханалық сараптама және спорттық құқық саласындағы ҚР ауыр атлетика федерациясы құрған адвокаттар мен мамандар тобы бірнеше ай бойы қазақстандық спортшылардың реанализ нәтижелерін мұқият зерттеп, тергеу және сот процесінің барлық кезеңдерінде атлеттерге қолдау көрсеткен.

Жаңалықтар
0