Қоғам

Қазақстандық биатлоншылардың допинг-сынамасы теріс нәтиже берді

© AP Photo/ Felipe DanaЗертхана
Зертхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биатлоннан Қазақстан ұлттық құрамасына Австриядағы ӘЧ-да допинг пайдаланды деген күдік келтірілді

АСТАНА, 14 ақп – Sputnik. Қазақстандық спортшылардың допинг сынамасы теріс нәтиже берді деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Биатлон. - Sputnik Қазақстан
Спорт
ҚР спорт министрлігі: Австриядағы биатлоншыларымыз құқықтық қорғаумен қамтамасыз етіледі

"Австрияда сынама алынды. Кеше Допингке қарсы агенттіктің алдын ала жіберген хабарламасы бойынша, біздің спортшылардыкі "теріс нәтиже" берді. Демек, олар судан ақ, сүттен таза. Қазір WADA ұйымының ресми түрдегі жазбаша мәлімдемесін күтіп отырмыз", — деді Мұхамедиұлы үкімет отырысынан соң тілшілерге.

"Әлбетте, австриялық тарапты айыптаудан аулақпыз. Техникалық ақау кеткен болса, бұл, керісінше, өзімізге сабақ. Бұдан былай дәрігерлер де өз қызметіне мұқият болуы тиіс", — деп түйді министр. 

Жаңалықтар
0