АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Қазақстандық биатлоншылар Австриядағы әлем чемпионатында болған допинг дауына байланысты құқықтық қорғаумен қамтамасыз етіледі деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.
"Австриядағы спортшыларымыз құқықтық қорғаумен қамтамасыз етіледі. Олай болмағанда, кеше жарысқа қатыспайтын еді. Мұның бәрі заң аясында деп ойлаймын, бір жерден ағаттық кетсе, демек адами факторға байланысты кей ережелер сақталмады деген сөз", — деді Райымқұлова үкіметтегі брифингте.
Ол бұл жайттың тезірек шешімін табатына үміттенетінін жеткізді.
"Ең бастысы, спортшыларымыз мемлекеттің құқықтық қорғауымен қамтамасыз етіледі", — дейді вице-министр.