Оқиға

Щучинскіде үш жасар сәби бесінші қабаттан құлап аман қалған

© Photo : paolatinaСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ата-анасының қарауынсыз қалған бала терезеден құлап кеткен

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Ақмола облысында үш жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, қазір көптеген жарақат алып ауруханада жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Оқиға 5 мамыр күні Щучинск қаласында болған.

Доставка пострадавших в больницу, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада бесінші қабаттан бүлдіршін құлап кетті

"Луговая көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан 2014 жылы туған кішкентай қыз құлап кетті. Сәби ата-анасының қарауынсыз қалған екен, қазір ауруханада жатыр", — деп хабар берді төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте.

Оқиғаның анық-қанығын құқыққорғау органдары анықтауда. Бурабай орталық аудандық ауруханасы берген мәліметке сүйенсек, қыз аса ауыр хәлде жатыр.

"Сәби 3 дәрежелі шок алып, көптеген жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Бас миына зақым келген, бірнеше сынық алған", — деп хабарлады дәрігерлер.

Жаңалықтар
0